Ерке Есмахан Алматыдан пәтер іздеп жүр

28 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы

Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Алла бұйырса, тағы бір үй сатып алайық деп жүрміз. Біраздан бері қарастырып жатырмыз. Бүгін кептеліспен мың сағат жүріп  2-3 үй ғана қарап үлгердік. Түс қайта қала ып-ыстық болып кетті ғой. Сонымен үйге келіп рахаттанып жатырмын", - деп жазды Ерке Есмахан.

Сондай-ақ ол желі қолданушыларына өмірінің көп бөлігін айта бермейтінін атап өткен.

"Мен сіздерге өмірімнің аз мөлшерін ғана көрсетемін ғой. Қыдыру, шопинг, жанұя, үйдегі бір-екі сәттерді. Соның өзі қырғын әңгіме, өсек, талқылау. Кадрдан тыс қалып жатқан қаншама қызықтар бар.  Оларды білмей-ақ қойғандарыңыз жөн",  -  деді әнші.

Тэгтер:

пәтер Ерке Есмахан