"10 мың емес": денсаулықты нығайту үшін күніне қанша қадам жүру керек?

24 шілде, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Күн сайын 10 мың қадам жүру денсаулыққа пайдалы деген кең тараған түсінік бар. Алайда, жаңа зерттеу бұл санның шындыққа сай еместігін көрсетіп отыр: денсаулыққа нақты пайдасы бар меже – күніне 7 000 қадам жүру, - деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

Халықаралық ғалымдар тобы жүргізген зерттеу The Lancet Public Health журналында жарияланды. Онда 160 мыңнан астам адамның мәліметтері 31 түрлі зерттеу аясында талданған.

7 000 қадам жүру:

Неге 7 000?

Бұған дейін жүрек-қантамыр жүйесіне жүрудің пайдалы екені белгілі болған еді: жаяу жүру жүрек соғысын жиілетіп, қан айналымын жақсартады, артериялық қысымды төмендетеді, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Алайда бұл жолы зерттеу бір мезетте бірнеше аурудың тәуекелін азайтатынын дәлелдеп отыр. Және ең бастысы 7 000 қадамнан кейін пайдасы кемуі мүмкін. Сондықтан 10 000 қадамға жету міндетті емес.

Жаяу жүру – қолжетімді әрі тиімді «дәрі». Енді оның нақты мөлшері белгілі – күніне шамамен 7 000 қадам. Өзіңді шаршатпай, денсаулықты нығайтудың оңтайлы жолы – осы.

Тэгтер:

жүру қадам