22 шілдеде Көкшетау қаласының Алтынсарин – Абай көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
Көкшетау қаласының полиция басқармасы хабарлағандай, Nissan Maxima автокөлігін тізгіндеген жүргізуші жол бойымен келе жатып, Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр», – деді ведомство.