Байлар 8 сағаттан кем ұйықтауды ұят көреді – Fortune

22 шілде, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Бүгінде бай адамдар арасында жаңа бір тренд қалыптасып жатыр, бұл – ұзақ әрі сапалы ұйқы. Бұрын таңғы 4-те тұрып, көзінің асты көгеріп жүргеніне мақтанатындар енді 8 сағаттан кем ұйықтауды ұят көреді. Fortune журналының жазуынша, ұйқы – қазіргі таңда жаңа статус символына айналған деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақшалы адамдар өз ұйқысының сапасын арнайы трекерлер арқылы бақылап отырады, кешке түймедақ шайын ішеді, ал бөлмені толықтай қараңғы қылу үшін құны миллионнан асатын перделер іледі. Олардың төсек-орын жабдықтары да арзан емес: кейбір матрастың бағасы 2 миллионға дейін жетеді.

Ең "озық" дегендері ұйықтар алдында смартфонды мүлде бөлмеге кіргізбейді. Себебі олар Wi-Fi сигналдары мидың альфа-ритмін бұзып, табысқа жетуге кедергі келтіреді деп сенеді. Яғни қазіргі көзқарас бойынша жақсы ұйқы – жақсы өмір мен табыстың кепілі. Бұрынғыдай "олар ұйықтап жатқанда сен жұмыс істе" деген қағида ескірді. Енді керісінше: "Сен ұйықтай алмай жүргенде, олар әлдеқашан байып алған".

Тэгтер:

ұйқы байлық бай ұят