«Қазақылығымыз қалып бара жатқандай»: Сәкен Майғазиев қонақты қалай қарсы алу керегін көрсетті

17 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Танымал "Музарт" тобының солисті Сәкен Майғазиев желі қолданушылары өзінің қонақ күту әдебін айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші бұрынғыдай ешкімнің үйіне қонаққа ескертусіз емін-еркін бару жоқ екенін атап өтті. 

“Үйдесіңдер ме, кіріп шығайын деп едік”, "Есіктің алдындағы көлігіңді көріп, үйде екеніңді біліп амандасайын дедім”, деген жақындық қарым-қатынас, ауылдағы қазақылығымыз қалып бара жатқан сияқты. Ислам ғалымдары Нұрсұлтан бауырым, Қасым бауырым, Төре қонақ болып кетті. Осындай ниеті түзу, енелері жақсы көретін жандар болады. Түс ауа Нұрбол бауырым коңырау шалады:
- Үйде болсаңыздар қолынызды алып, құттықтап шығайық деп едік, - деп.
- Ерген деген жан досыма арнап ет асып жатыр едік, келе қалыңыздар, - деп қуанып кеттім. Сұраса келіп, Нұрсұлтан ұстаз ұлым Әділеттің бажасы болып шықты. Алла тағала орайын келтірген бір ғибратты дидарласу болды. Жақсылыққа балалық", - деді Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Сәкен Майғазиев қазақ әншісінің «Славян базары» байқауында бас жүлде алатынын сезгенін айтып еді.

Тэгтер:

әнші Сәкен Майғазиев қонақ