Мөлдір Мұқанова: Қайрат Нұртастың қызы – менің әріптесім

14 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Коллаж: Turkystan.kz

Продюсер, әнші Мөлдір Мұқанова «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасына берген сұхбатында Қайрат Нұтастың қызы Алауды жұмысқа алғанын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Алау Қайратқызы – менің әріптесім. Менде «ММ» өнер-білім орталығы деген мектеп бар. Орталыққа Алау хабарласып, «Мөлдір апай, мен сізде жұмыс істегім келеді. Хореографиядан сабақ бергім келеді» деп хабарласқан болатын. Уақытын келістіріп, Алауды жұмысқа алдым. Қазір біршама шәкірттері бар. Алау менің және қыздарымның – әріптесі, қыздарымның – құрбысы», - деді ол.

Тэгтер:

әріптес Қайрат Нұртас Тұрсынбек Қабатов Мөлдір Мұқанова