Жем өзеніне ер адам батып кетті

Бүгін, 12:02 / Алуа Арман
istockphoto.com

2025 жылғы 13 шілдеде, сағат 16:10-де ТЖД-ға Мұгалжар ауданы Құмжарған ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылынан 20 шақырым жерде, Жем өзеніне ер адамның батып кеткені туралы хабар түскен, деп жазады turkystan.kz.

Оқиға орнына құтқарушылар дронмен шықққан. Олар келгенге дейін жергілікті тұрғындар ер адамды өзеннен өздері алып шыққан. Ол 53 жаста болған. Мәйіт жағаға 5 метр жерде, шамамен 1,5 метр тереңдіктен табылды.

– Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам шомылу кезінде батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеміз. Жабдықталмаған жерлерде шомылу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін, – деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД.

Тэгтер:

суға бату өзен Жем өзені