Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO-2025) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік көшбасшылар қатарына енді.
Әлемнің 21 елінен келген қатысушылар арасында 5 жас қазақстандық елге он марапатпен оралды. Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды.
Күміс медаль иегерлері:
- Роман Черемнов – Алматы қаласы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Таир Әбдіқадыр –Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;
- Альтаир Аканов – Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
- Илияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.
Сондай-ақ қола медаль иегері - Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев.
Теориялық айналым нәтижелері бойынша
- 1-дәрежелі диплом - Роман Черемнов, Илияс Қазымбек;
- 2-дәрежелі диплом - Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр, Альтаир Аканов.
- Жетекшілері: Самат Максутов — PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов — CDU магистрі.