Қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталған актер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

3 шілде, 2025 / Алуа Арман
Ғаламтор

Қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталған Мейірхан Шерниязы түрмеден шығып, отбасына оралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ZTB NEWS басылымының мәліметінше актер өзі пікір берген.

«Бұл амнистия да, шартты түрде босату да емес. Мерзімімнің аяқталуына байланысты бостандыққа шықтым. Алдымен орталық СИЗО-да отырдық, кейін Павлодарда, содан соң Алматыда болдық. Енді отбасымның қасына оралдым, өзімді жақсы сезінемін», – деді Шерниязов

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 19 сәуірінде Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabaн Capital қаржы пирамидасына қатысты даулы іс бойынша қамауға алынған еді. Ал 2023 жылдың 23 маусымында актерлер қаржылық пирамида құрғаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға сотталған болатын.

Тэгтер:

Актер Қаржы пирамидасы Мейірхан Шерниязов