Семейде ассенизатор төрт баланың анасын қағып кетті

Бүгін, 10:33 / Алуа Арман
istockphoto.com

Семейде ассенизатор жүргізушісі көпбалалы әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кетіп, ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 23 маусым күні сағат 11:00 шамасында Морозов көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған.

Полиция департаментінің мәліметінше, 45 жастағы ЗИЛ маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Шевченко көшесіне бұрылу кезінде жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан 35 жастағы әйелді қағып кеткен.

Ауыр жарақаттар салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

“Қазіргі уақытта жол қозғалысы ережелерін бұзу арқылы абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”, – деп хабарлады Абай облысының ПД.

Қаза болған әйелдің таныстарының айтуынша, артында төрт баласы қалған, кенже қызы бар болғаны үш жаста.

 

 

Тэгтер:

Семей қағып кетті жүргінші ассенизатор