Бибісара Асаубаева АҚШ-та өтетін ерлер топ-турниріне қатысады

24 маусым, 2025 / Алуа Арман
instagram.com/kzchessfederation

16 - 20 шілде аралығында Лас-Вегаста шахмат әлеміндегі ең беделді турнирлердің бірі — Freestyle Chess Grand Slam Tour өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қатысушылардың қатарында блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева да бар. Ол Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Хикару Накамура және әлемдік элитаның басқа да жұлдыздары қатысатын жабық турнирге шақырту алған.

«21 жастағы қыздың Карлсен, Каруана, Накамура және әлемнің басқа да ең мықты шахматшылары қатысатын ерлердің жабық супертурниріне шақырту алуы? Бұл — шындыққа жанаспайтын арман сияқты естіледі... Бірақ менің жағдайымда бұл шындыққа айналды. Әлі күнге дейін қуаныш пен таңданысты қатар сезініп жүрмін. Әйелдерден ерлер супертурнирінде кімдер ойнады? Юдит Полгар, Хоу Ифань және, енді, мен! Бұл — оңай сынақ емес, бірақ өте қызықты болатыны сөзсіз», — деп жазды Асаубаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тэгтер:

Турнир Бибісара Асаубаева шахмат