Қандай тағам салмақ қостырмайды?

Бүгін, 04:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

Көкөністер, шөптер, мүкжидек пен лимон – салмақ қостырмайтын өнімдерге жатады.

Нутрициолог Евгений Арзамасцевтің айтуынша, калориясы өте төмен өнімдер бар.

«Бұл — жасыл көкөністер немесе көк шөптер: брокколи, базилик, аскөк, қияр. Сондай-ақ өте қышқыл өнімдер – мүкжидек пен лимон. Оларды қорыту үшін ағза шамамен сол мөлшерде, кейде одан көп немесе аз калория жұмсайды. Бірақ бастысы – олардан салмақ қосылмайды», – дейді ол.

Сарапшы бұл өнімдер артық салмақтан арылуға көмектесе ме деген сұраққа да жауап берді. Диетологтың айтуынша, тек осы өнімдерге сену жеткіліксіз. Мәселені кешенді түрде шешу маңызды.

«Егер біз тек осындай теріс калориясы бар өнімдерді қосып, қалған тамақтану мен өмір салтын өзгертпесек, салмақ тастай алмаймыз. Бірақ егер түскі аста қарақұмық немесе картоптың орнына қияр немесе брокколиді таңдасақ, онда бұл жағдайда салмақ азаяды. Бұл өнімдердің калориясы бұрын жеген тамақтың энергетикалық құндылығын азайтқандықтан емес, күнделікті рациондағы жалпы калория мөлшері едәуір төмен болатындықтан», – деп түсіндірді диетолог.

Тэгтер:

денсаулық көкөніс салауатты өмір салты тамақ аскөк брокколи