«Үшеуміз ғана»: Ерке Есмахан перзентханадан шықты

16 маусым, 2025 / Өтей Торғайұлы
Әлеуметтік желіден

Белгілі әнші Ерке Есмахан үшінші сәбиін перзентханадан шығарып алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші жұбайы Райммен бірге үшінші ұлын перзентханадан шығарған сәтін жариялады.

«Керемет күн. Бүгін үйге шығып жатырмыз. Жай ғана үшеуміз шықтық. 2 ұлымыз сыртта тұрды. Аллаға сансыз шүкір», - деді әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, әнші Ерке Есмахан қалай босанғанын айтып берген болатын.

Тэгтер:

әнші блогер Ерке Есмахан