Альпі тауының баурайындағы көрікті Альбинен ауылына қоныс аударуға дайын адамдарға Швейцария билігі 20 000 франк (шамамен 2 млн теңге) ұсынбақ, деп хабарлайды turkystan.kz dailymail.co.uk-ға сілтеме жасап.
Әрбір бала үшін бұл сома тағы 10 000 франкқа ұлғаяды.
Бірақ бұл жомарт ұсыныстың өз шарттары бар: жасыңыз 45-тен аспауы тиіс, әрі ауылда кемі 10 жыл тұрақтап тұру қажет. Қоныстанушыларға болашақта Швейцария азаматтығы да беріледі. Алайда, бұл қаржы көмек алу үшін шамамен ₣200 000 (шамамен 90 млн теңге) тұратын үй сатып алуға дайын болуыңыз керек.