Астанада саммитке байланысты бірқатар жол жабылады

29 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Астанада 30 мамырда «Орталық Азия – Италия» форматындағы алғашқы саммит өтеді. Оған өңір елдерінің мемлекет басшылары мен Италия премьер-министрі Джорджия Мелони қатысады. Осы күні Италия Үкіметінің басшысы Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Іс-шараның өтуіне байланысты елордада бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Жол қозғалысын жабу мына учаскелерде жоспарланып отыр:

Сағат 11:00-ден бастап Нәжімеденов көшесі – Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін; Аманжолов көшесі – Байтұрсынов көшесінен Нажімеденов көшесіне дейін;

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер ықтимал өзгерістерді ескере отырып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолдағы қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Тэгтер:

Астана саммит жол кептеліс 30 мамыр