Сергей Цырульников үш әлем рекордын орнатты (ВИДЕО)

29 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Спорт комитеті

Қазақстандық алып күш иесі Миланда Guinness Records кітабы бойынша үш әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлады turkystan.kz.

Сергей Цырульников Миланда (Италия) Guinness World Records өкілдері тіркеген үш әлемдік рекордты бірден жаңартты.

"Қол жеткізген жеңістерін Қазақстан халқына арнайтынын айтқан спортшы: «Бұл тек физикалық күш емес. Бұл – ата-бабаларымыздан мирас болған рухтың күші, ұлттық ерік-жігеріміздің символы", – деп атап өтті.

Алып күш иесі 57 секундта өлшемі 22×8 мм болатын 14 темір тағаны бүктеп, бір минутта тоғыз резеңке жылытқышты үрлеу арқылы жарып, сондай-ақ бір минутта жалаң қолмен шойын табаға 19 шеге қаққан.

Бұл жетістіктердің барлығы Италияның Lo Show Dei Record телешоуы аясында ресми түрде тіркелді.

Тэгтер:

әлем кітап темір рекорд Милан Сергей Цырульников Guinness Records