18 жастағы Жібек Құлымбетова Азия чемпионатын алтыншы рет ұтты

28 мамыр, 2025 / Алуа Арман
instagram.com/zhibek_bjj/

18 жастағы Жібек Құлымбетова 21 жасқа дейінгі қыздар арасында бразилиялық джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірнеше жас санатында өтіп жатқан турнир Амманда (Иордания) өтуде және Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістікке айналды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, 21 алтын, 27 күміс және 26 қола медаль жеңіп алды.

Турнир чемпиондарының бірі 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жібек Құлымбетова болды.

Айта кету керек, Құлымбетова биылғы маусымда ересектер арасындағы Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алған болатын, ал жасөспірімдер арасында өз салмағында бірнеше жылдан бері көш бастап келеді.

Өткен жылы қазақстандық спортшы 21 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы атанып, жалпы есепте әлем біріншіліктерінен 11 алтын медаль, сондай-ақ Азия чемпионаттарынан алты мәрте жеңіс тұғырынан көрінген.

Тэгтер:

Жібек Құлымбетова Чемпион Азия чемпионаты