«Бізде сен жоқсың, шеше»: Анасының зиратына барған Нұрлан Албан көзіне жас алды (ВИДЕО)

27 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы

Белгілі әнші Нұрлан Албан мектеп бітірген ұлы Исламмен бірге анасының басына барып, құран бағыштады. Олар сол жерде тұрып, әлеуметтік желіге арнап видео түсірген, деп хабарлады turkystan.kz.

«Мінекей – әжесінің ұлымен бірге тұрмын. Шеше-ау, Исламың келді. Исламың келді! Құдайға шүкір, ұлыңның бойы менен биік. Үлкен жігіт болды. Бірақ бізде сен жоқсың. Исламың сені ұмытпайды. Ислам – сенің балаң ғой, шеше. Жатқан жерің жайлы болсын! Рухың көкте шалқысын. Исламыңды бүгін мектеп бітіріп жатса да олимпиадаға алып бара жатырмын, шеше. Бақұл бол!», - деді Нұрлан Албан.

Желі қолданушылары оның бұл әрекетін әртүрлі қабылдаған.

Олар: "Соны камераға айту керек па?", "Анаңыздың жаны жәннәтта болсын!", "Көңілім босап кетті ғой...", "Исламға ақ жол!" деп жазды.

Еске салсақ, бір жыл бұрын Нұрлан Албан ер-жігіттерге үндеу жасаған еді.

 

 

Тэгтер:

мектеп оқушы ана шеше зират Нұрлан Албан Ислам там