Әлеуметтік желілерде мектеп бітіру кешінде ән айтып тұрған әпкесіне гүл сыйлаған баланың видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz.
Кадрдан мектеп бітіру кешінде ән айтып тұрған әпкесіне гүл сыйлаған кішкентай баланы көруге болады. Ұялшақ кейіппен имене басып, әпкесіне гүл шоғын ұсынған балақайдың тізерлеген әрекеті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.
Көпшілік оған қатысты «Жігіттің төресі болғалы тұрған бала», «Нағыз жігіттер осындай болады. Көз тимесін!», «Түріңнен сол...» деп жазды. Сондай-ақ олар видеодан бауырмалдық пен шынайы мейірімнің үлгісі байқауға болатынын жарыса жазуда.
Айта кетейік, бұған дейін өскемендік оқушы әлемнің үздік университетінен шақырту алғаны туралы да жазған едік.