Ақтөбе облысында жасөспірім суға батып кетті

23 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Оқиға 22 мамыр күні сағат 23:00 шамасында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақтөбе облысы ТЖД мәліметінше, жасөспірім Шалқар көлінде шомылып жүрген кезінде суға батып кеткен. Бұл оқиға шомылуға тыйым салынған жерде, яғни бөгет маңында (учаске ұзындығы 120×40 м, тереңдігі 4-тен 6 метрге дейін) орын алған.

Аталған жерде шомылуға тыйым салынғанын білдіретін белгі орнатылған. Жасөспірімнің денесін құтқарушылар судан алып шықты. Ол 15 жаста болған.

ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды және шомылуға арналмаған, тыйым салынған жерлерде суға түсуге жол бермеуді сұрайды.

Тэгтер:

Ақтөбе облысы Жасөспірім өзен батып кету көл