ҰБТ-дан 140 балл жинаған Түркістан облысында ауыл мектебінің түлегі Жәнібек Әбілханға сыйлыққа пәтер алды деп хабарлады turkystan.kz.
Пәтерді Әбілхан Жәнібекті дайындаған қосымша білім беру курс орталығы табыстады.
Бұған дейін оқушының анасы Гуля Боранбаева әлеуметтік желіде тарап жатқан «пәтер беру» жайлы ақпаратқа қатысты Kazinform тілшісіне пікір білдірген болатын.
Балам оқыған қосымша білім беру курсы «140 балл алған оқушыға пәтер сыйлаймыз» деп жариялаған екен. Бірақ оның рас-өтірігін нақты білмейміз. Біз де тек әлеуметтік желідегі ақпараттан ғана хабардармыз, - деген еді анасы.
Көп уақыт өтпей, EDUSER оқу орталығы сөздерінде тұрып, баланың ата-анасына пәтер сертификатын табыстады. Әбілхан Жәнібек қай қалаға оқуға түссе, пәтер сол қаладан алынатын болады.