Ақтаулық шахматшы Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер атанды

19 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
aktau.chess.school

Ақтаулық Эдгар Мамедов «Sharjah Masters International Chess Championship 2025 – A» супертурнирінде ресми түрде халықаралық гроссмейстер (GM) болып танылды. Осылайша ол тарихтағы құрметті атағы бар ең жас шахматшы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы «Дебют» шахмат мектебінің жетекшісі Анвар Шайхымов мәлімдеді.

Турнирге дейін спортшының үш гроссмейстерлік ұпайы және ФИДЕ рейтингінде 2 492 ұпайы болды. Қажетті 2 500 ұпайға небәрі 8 ұпай жетпей тұрған. Енді, «Sharjah Masters International Chess Championship 2025 – A» супертурнирінде Эдгар алғашқы екі турды сенімді өткізіп, жетпей тұрған ұпайларды жинап, ресми түрде гроссмейстер атанды.

Тэгтер:

Ақтау шахмат жас гроссмейстер 14 Эдгар Мамедов