Apple компаниясы мидың жұмысын жақсартуға арналған 426 музыкалық трек ұсынды. Олар зейінге, демалуға немесе ұйықтауға көмектеседі, деп хабарлайы turkystan.kz apple.com-ға сілтеме жасап.
Әрбір трекке арнайы жиілік енгізілген: зейін қоюға – гамма, тынығуға – тета, ал ұйықтауға дельта толқындары мен «қызғылт шу» қолданылған.
Бұл – миды ырғақпен синхрондауға негізделген тәсіл. Ғылымда оны энтрейнмент деп атайды. Ол когнитивті терапияда кеңінен қолданылады. Ең жақсысы – бұл тректерді тегін тыңдауға болады.