Петропавлда 66 жастағы зейнеткерге күдікті қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол әйелді белгісіз алаяқтар пәтеріңді тартып алмақшы және оларды әшкерелеу үшін тұрғын жайды сату бойынша тезірек “жалған мәміле” ресімдеу қажет деп айтқанына көндіреді. Алаяққа сенген қала тұрғыны өзіне тиесілі екі пәтерін сатып жібереді.
Сонымен қатар әйел өзіне ешкімге жария етуге болмайтын тергеу құпиясы сеніп тапсырылды деп санайды. Дегенмен, туыстары мұнда бір шикіліктің барын сезіп, жәбірленушіні полицияға жүгінуге көндіреді, алайда ол ақшаның бір бөлігін қылмыскер көрсеткен шотқа аударып, ал қалғанын курьерге тапсырып үлгереді. Курьер қолма-қол ақша 27 миллион теңгені Астана қаласына жеткізеді.
Ақша тізбек арқылы екі дроппер арқылы өткен, жедел уәкілдердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде ақша шетелге жөнелтілгенше тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Бұдан бөлек, полицейлер жәбірленушінің азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қылмыскердің нұсқауы бойынша аударған ақшасын, әйелдің банк чектерін сақтауына байланысты қайтарып алуға мүмкіндігі барына тоқтала кетті.
Аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.