Журналист Дүйсенәлі Әлімақын Жапон елшілігінің өкіліне ерекше ұсыныс жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Жапон елшілігінің өкілімен кездескен қазақстандық журналист Харуки Муракамиді Қазақстанға шақырып, мұндағы оқырмандармен кездесу өткізу туралы ұсыныс айтқан.
Бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.
«Мураками келгенше, романдарын оқып,дайын тұрайық», - деп жазды Д. Әлімақын.
Айта кетейік, Харуки Мураками — жапон жазушысы, қазіргі әлем әдебиетіндегі ең танымал авторлардың бірі. Ол 1949 жылы 12 қаңтарда Жапонияның Киото қаласында дүниеге келген. Әдебиетке 1979 жылы "Желдің әнін тыңда" атты алғашқы романымен келді.