«Тура дорамадағыдай»: Аян Төлепберген әйелімен қалай танысқанын айтты

7 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Актер Аян Өтепберген келіншегімен қалай танысқаны жайлы айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы ол "Batys tour" атты гастрольдік концерттерінің бірінде айтқан.

"Бағдаршамнан өтейін деп тұрғанда асығыс жоқ дедімдеғ жолдың шетіне келіп тоқтадым. Орта жастағы әйел жанымнан жүгіріп өте шықты. Тура жолдың ортасына келген кезде қолындағы азық-түлік салынған пакеті шашылып кетті. Жасыл жанған соң көліктер жүру керек. Алдыңғы қатарда тұрған көліктен екі қыз шығып тез көмектесе бастады. Көмектесіп жатқанда жан-жағына қарап-қарап қалды да, "ты че стоишь или в сторис сними" деп айтты. Сними в сторис дегенді не үшін айтқанын түсінбедім. Бірақ көмектесіп жатып жаңағы айтқан қызға қарап қалсам, өте сұлу қыз екен. Былдырлаған тілі қандай тәтті десеңші. Осының барлығы 5 секунд ішінде болған нәрсе", - деді Аян Өтепберген.

Көрермендерді бұл оқиға ерекше тәнті етті. 

"Тура дорамадағыдай екен", "не деген өмір қызық десеңізші", "бақытты болыңыздар", - деп жазды желі қолданушылары.

Тэгтер:

Актер Әйелі Аян Өтепберген дорама