Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алған спортшыларға пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлады turkystan.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Бес спортшы жаңа пәтер иегерлері атанды. Спорттық гимнастикадан Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов екі бөлмелі пәтер алды.
Қола жүлдегерлер — бокстан спортшы Назым Қызайбай мен атқыш Ислам Сәтбаев бір бөлмелі пәтер иегерлері атанды.
Қола медаль иегерлері, дзюдошы Гусман Қырғызбаев және пневматикалық мылтықтан ату спортшысы Александра Ле жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстарда. Оларға пәтерлер кілттері Алматыға оралғаннан соң беріледі.
«Сіздің жеңістеріңіз-көп жылғы қажырлы еңбектің нәтижесі және спортшылардың жаңа буыны үшін лайықты үлгі. Алматы Сіздердің жетістіктеріңізді жоғары бағалайды және Сіздерді жаңа жетістіктерге жету жолында үнемі қолдайтын болады», — деді Бейбіт Шаханов.
Өз кезегінде спортшылар ниет пен көрсетілген қолдауға алғыстарын білдірді.