Оралда тоқ соққан 9 жастағы бала қайтыс болды

2 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Оралда тоқ соққан 9 жастағы бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 1 мамырдан 2-сіне қараған түні көз жұмды.

Аталған қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

«Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, Оралда 9 жастағы баланы тоқ соғып, денесінің 95 пайызы күйіп қалғаны туралы жазған болатынбыз.

 

Тэгтер:

Бала Орал доп тоқ