«Ақтөбе» футбол клубынан 250 млн теңге ұрланған

Бүгін, 11:42 / Алуа Арман
istockphoto.com

Облыс прокуратурасы Ақтөбе футбол клубының қызметіне тексеріс жүргізіп, 250 млн теңге жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәмілелер жасалған. Сондай-ақ клуб қызметкерлері ойыншылардың тамағына бөлінген қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.

Істердің тергелуі облыс пркуратурасының бақылауында.

Тэгтер:

ақша жымқыру Футбол тергеу Ақтөбе футбол клубы футбол клубы ойыншылар