Жас шахматшылар Батыс Азия чемпионатында 39 жүлде алды

29 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Шахмат федерациясы

Душанбеге барған Қазақстанның жас шахматшылары 8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы Батыс Азия чемпионатында 39 медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның 16-сы алтын, бұл турнирдің үздік нәтижелерінің бірі. 13 елдің намысын қорғаған 391 қатысушының басы қосылған бұл чемпионатта Қазақстан құрамасы бағдарламаның әр түрінде – рапид, блиц пен классикада сенімді түрде басқалардан басым түсті.

Батыс Азия-2025 чемпиондары:

Рапид

 Блиц

 Классика

7 жасар Әдинұр Әділбек пен 13 жасар Мария Холявко шахмат сүйер қауымды ерекше таңдандырды – олардың әрқайсысы екі алтын және бір қола медальден жеңіп алып, турнирдің басты қаһармандарына айналды.

«Қазақстан мақтан тұтатын біздің жас таланттарымыз бұл жолы да төбемізді көкке жеткізді! Олардың жеңістері – жай ғана медаль емес. Бұл шахматқа деген зор сүйіспеншіліктің, күнделікті қажырлы еңбектің және өзінің күшіне деген сенімнің жемісі. Осындай әр жетістік барлығымыз бірге Қазақстанның мықты шахмат мектебін құрып жатқанымызды еске салады. Бұның жақсы нәтижесін көріп жатырмыз. Баршамызға осындай зор қуаныш сыйлаған дарынды спортшыларға, олардың ата-аналары мен жаттықтырушыларына рақмет. Осындай бақытты сәттер көбейе беруі үшін жұмысты одан әрі жалғастырамыз!» – деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

Тэгтер:

шахмат жарыс Душанбе Батыс Азия чемпионаты