Үкімет: Ауылдарда 175 медициналық-санитариялық көмек нысаны салынды

Бүгін, 10:12 / Інжу Әлихан
gov.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда жоспарланған 655 медициналық мекеменің 467-сінің құрылысы аяқталды. Айта кету керек, 175 нысан бұрын медициналық ғимараттармен қамтылмаған ауылдарда, ал 292 нысан ескірген және бейімделген үй-жайлардың орнына салынды.

«80 мыңнан астам отандасымыз қосымша медициналық көмекке қол жеткізді. Бұл шаралар ауыл тұрғындары үшін 456 қосымша күндізгі стационар төсек-орнын орналастыруға мүмкіндік берді. Бұл ауылдардың тұрғындары үшін 174 медицина қызметкері дайындалып, елді мекендерге жіберілді», — деп атап өтті денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Тэгтер:

Ауыл медицина Көмек Үкімет Нысан