23 сәуір – Ұлттық кітап күні

23 сәуір, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.

– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.

Тэгтер:

кітап Ұлттық кітап күні