Жүргенов жайлы кітап жарық көрді

18 сәуір, 2025 / Túrkіstan International Political Weekly

1930 жылдары халық арасында «темір Нарком» атанған Т.Жүргеновтің құнды мақа­ла­лары мен очерктері, кітаптарынан үзінділер берілген.

«Темірбек Жүргеновтің әдеби-пуб­ли­цистикалық мұрасы» атты бұл еңбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­си­теті Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсы­нылған болатын. 
Бұл – Қазақстан Журналистер одағының мү­ше­сі, Жалағаш ауданының құрметті аза­маты, зерт­теуші-ғалым Бауыржан Сәбитұлы­ның  қай­раткер-қаламгер Т.Жүргенов туралы жаз­ған бесінші кітабы. Ол бұған дейін Ағарту комиссарының әдеби-публицистика­лық мұрасын зерттеп, ҚР ҰҒА академигі Зейнолла Қабдоловтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғағанын да айта кеткен жөн. 

А.Темірболат, 
филология ғылымдарының докторы, 
академик

Тэгтер:

кітап Темірбек Жүргенов