Алматыда «Мерген» іс-шара аясында полиция қызметкерлері атыс қаруы иелерінің үйлері мен пәтерлеріне барып, оның қалай сақталатынын тексереді, деп хабарлады turkystan.kz.
17-25 сәуір аралығында тіркелген атыс қаруын қолдануға байланысты қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ, қару иелері арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Мерген» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.
«Азаматтық қару - асқан қауіптің көзі. Сондықтан оның иелері заң талаптарын, рұқсаттарды уақытылы жаңартып, сақтау және тасымалдау ережелерін сақтауы маңызды. Біздің қызметкерлер қаруды сақтау жағдайларын тексеріп, профилактикалық тексерістер жүргізіп жатыр, сондай-ақ, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі», - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Алматы полициясы қару иелерін құқықтық мәртебесіне жауапкершілікпен қарауға және басқалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.