Қазақстандық жас теннисші Өзбекстандағы турнирде чемпион атанды

Бүгін, 17:25 / Інжу Әлихан
ҚТФ

Өзбекстанның Ферғана қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ITF J60 турнирі аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жарыста Арсений Требухин жекелей сында чемпион атанды.

Қазақстандық спортшы финалда ресейлік Рафаэль Асадуллинді 7:5, 6:3 есебімен жеңді.

Жұптық сында Артем Сидоров ресейлік Милан Таупенетцпен бірге ресейліктер Павел Скворцов – Даниил Ткаченкодан айласын асырды – 6:7, 7:5, 10:7.

Қыздар арасында қазақстандықтар Аружан Нұранбай – Сәтима Төреген финалда ресейліктер Мария Маслиакова – София Ведерниковадан басым түсті – 6:3, 7:5.

Тиранада (Албания) 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe жарысы аяқталды. Қазақстандықтар Әмір Айтбаев – Сұлтан Бақыткерейұлы финалда Хеди Ксури (Тунис) – Матия Родижовичті (Сербия) қапы қалдырды– 6:4, 7:5. Әмір жекелей сында финалға дейін жетті.

Тэгтер:

Турнир Чемпион Өзбекстан теннис Арсений Требухин Ферғана