Министрлік республикалық «Ұлттық кітап» байқауын жариялады
Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады.
Байқаудың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету. Аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.
Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:
Балаларға арналған үздік кітап Үздік комикс Нон фикшн жанрындағы үздік кітап Детектив жанрындағы үздік кітап Сатира жанрындағы үздік кітап Үздік илюстрациялық кітап Үздік аударма кітабы Фантастика жанрындағы үздік кітап Үздік баспа «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығыКонкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді.
Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады.
Байқауға өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 775 897 7788
Айта кетсек, Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа мереке – «Ұлттық кітап күні» бекітілді. Мереке алғаш рет 23 сәуірде атап өтіледі.