Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

8 қаңтар, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda
Президентке ведомствоның 2024 жылы атқарған жұмысының негізгі қорытындылары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады.

Президентке ведомствоның 2024 жылы атқарған жұмысының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімет берілді.

Жанат Элиманов 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іс-шараларын жүзеге асыру көлеңкелі экономика деңгейін 1,3 пайызға төмендетуге мүмкіндік бергенін баяндады:

Сондай-ақ ол Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттерінің қаржы барлаушылары бірлесе жүргізген арнайы операцияның қорытындысы туралы есеп берді. Оның нәтижесінде үш ауқымды «наркошоп» жабылып, 35 наркодилер ұсталған.

 жалған қаржылық операциялар мен мәмілелер жасаған 1787 заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған;

 террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаражат аударуға 1,2 мың әрекет анықталып, бұғатталған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Тэгтер:

Ақорда Қаржылық мониторинг агенттігі есеп беру