15 тәулікке қамауға алынған Қаржаубай Нұрымов бостандыққа шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
"Қаржаубай бостандыққа шықты. Оны командамыздағы адвокат Асылбек Әбдіраимов алып кетті. Қаржаубайдың жағдайы жақсы, отбасымен қауышты. Қосымша ақпараттарды жақын арада хабарлаймыз”, — деді олар.
Еске салсақ, бұған дейін марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамауға алынғаны туралы жазған едік.