Қоғам

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты

сурет ашық дереккөзден алынды

Мөлдір Мұқанның жаңа әні жарық көрді.

Белгілі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың әйелі әлеуметтік желідегі оқырмандарын қуантып қойды, деп хабарлады turkystan.kz

Мөлдір Мұқан Instagram желісінде кенже ұлын туған күнімен құттықтап, сонымен қатар жаңа әні жарыққа шыққанын жеткізді. Тұрсынбек Қабатовтың әйелінің жаңа әні туған күн иелеріне арналған екен.

«Менде қос қуаныш. Раконтайдың жаңа жасымен бірге жаңа ән келді. Сәйкестік деп осыны айт. Ал, аппақ тілектеріңізді жаудырыңыздар, достарым. Әр үйде қуаныш болсын!», - деді Мөлдір Мұқан.