T-LIFE

Адамның қалай ұйықтайтынынан оның қаржылық жағдайын білуге болады – зерттеу

сурет: istockphoto.com

Адамның қалай ұйықтайтынынан оның қаржылық жағдайын білуге болады, деп жазды studyfinds.org.

Бір ай ішінде «ең жақсы ұйықтау қалпы» туралы интернеттен іздеу көрсеткіші 250%-ға өскен. Осыған байланысты Bed Slats компаниясы 5 438 жұмыс істейтін маман арасында зерттеу жүргізіп, ұйқы әдеттері мен кәсіби жетістіктер арасында байланыс барын анықтады. Зерттеуге сәйкес, ұйқыдағы дене қалпы жайлылықтан бөлек, қаржылық әлеуеттің көрсеткіші болуы мүмкін.

Сауалнама нәтижесінде көптеген адамдар «эмбрион» қалпында ұйықтайды екен – респонденттердің 29%-ы осы қалыпта ұйықтайды. Алайда ең табысты мамандар мүлде басқа тәсілді қолданады екен. Таңғаларлықтай, сауалнамаға қатысқан жоғары табысты кәсіпкерлердің басым бөлігі «еркін» ұйықтайды: етпетінен жатып, қолдарын жоғары көтереді.

«Жоғары табысты адамдар тәуекелге бейім келеді. Олар алдымен әрекет етеді, содан кейін ойланады», – дейді танымал дене тілі сарапшысы Инбаал Хонигман.

Сауалнама нәтижелері бойынша, респонденттердің 24%-ы жастықты құшақтап ұйықтаса, 14%-ы – «еркін» қалыпта, 13%-ы – «ойшыл», ал 10%-ы – «сарбаз» қалыпта (арқамен жатып, қолын жанына қояды) ұйықтайды.

Ұйқы әдеттері мен табыс деңгейі арасындағы байланысты талдау үшін қатысушыларды Gov.uk анықтамасы бойынша жоғары табысты (ең табысты 10%) және қалған топтар деп бөліп, олардың өнімділігі мен табысына ұйқының әсерін анықтаған.