«Не байқадыңыздар?»: Сәбит Әбдіхалықовтың әйелі сүйінші жаңалығын бөлісті
Ол кинорежиссер Талғат Теменовтың мерейтойынан видео жариялап, көпшілікке үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін көрсетіп қойды.
Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әйелі Динара Абдуллина желіде жағымды жаңалығын астарлап жария етті.
Ол белгілі кинорежиссер Талғат Теменовтың 70 жас мерейтойынан видео жариялап, көпшілікке үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін көрсетіп қойды. Сәбит Әбдіхалықовтың келіншегі отбасындағы қуанышты жаңалықты оқырмандарына барынша астарлап жеткізуге тырысқан.
«Мені театрға қабылдаған Талғат ағамыздың тойы. Менде жаңалық көп. Ал сіздер не байқадыңыздар», - деп сұрады актриса.