"Күн сайын бірдей киім, тамақ және күн тәртібі": Жапония тұрғыны 15 жылдан бері шешім қабылдаудан бас тартып келеді
Жапония тұрғыны 15 жылдан бері шешім қабылдаудан бас тартып келеді. Ол мұндай өмір салты өмірді жеңілдетеді деген пікірде.
Жапония тұрғыны кейінгі 15 жыл бойы шешім қабылдаудан қашып келеді. Оның айтуынша, бұл әдіс оған жұмыстағы ақыл-ой күшін үнемдеуге көмектеседі.
Ер адам ақпарат ағынынан шаршағандықтан, күн сайын бірдей киім киіп, бір мәзірмен тамақтанып, бірдей кестемен өмір сүріп келеді. Бұл оған «ақыл-ойдың анықтығын сақтап, шаршаудың алдын алуға» мүмкіндік береді.
Ғалымдардың айтуынша, адам орташа есеппен алғанда, күніне 35 000 шешім қабылдайды, және бұл біздің шаршауымыздың басты себебінің бірі болуы мүмкін. Оның әдісі көптеген адам үшін өмірді жеңілдетудің жоспары болуы ғажап емес.