Жаңалықтар

«Екі жаққа кеткенбіз»: Жігер Ауыпбаев отбасына қатысты шындығын айтты

instagram

Әнші бұрынғы әйелімен мінезі жараспай, соңында екі жаққа кеткенін айтты.

Эстрада әншісі Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты шындықты айтты. Өнер иесі бұған дейін отбасылы болғанын, бірақ келіншегімен ажырасып кеткенін жеткізді.

Ол «1001 түн» бағдарламасында қатысты ешкімге айтпаған сырын ашты. Әнші бұрынғы әйелімен мінезі жараспай, соңында екі жаққа кеткенін айтты.

«Менің басымнан не өтпеді. Біраз нәрсе өтті. Негізі отбасылы болғанмын. Бірақ уақыт өте келе мінезіміз, мүмкін көңіліміз де жараспай, екі жаққа кеткен болатынбыз. Одан кейін көңілді де алдау үшін іздейсің ғой. «Адамға да адам керек» демекші, қасыңнан табылатын, ішкі жан дүниеңді түсінетін, сөзімен қуаттап отыратын адам керек. Күйзеліске түсіп кетпеудің жолын іздеп, сондай кезеңдерде танысып, табысып, сөйлесіп жүрген кездерім болған. Әлі де табылмай жатыр», – деді әнші.