"Өзін сайлап жатқанда ұйықтап кеткен": Жапония премьер-министрі әлем назарын аударды
Жапонияның премьер-министрі Сигэру Исиба өзін қайта сайлау үшін дауыс беру кезінде ұйықтап қалды.
Осыған қарамастан, парламент оған сенім білдіріп, оны үкімет басшысы қызметіне қайта сайлады. Бұған дейін Сигэру Исиба басқаратын Жапония үкіметі премьер-министрді сайлау қарсаңында толық құрамымен отставкаға кеткен болатын.
Сигэру Исиба – Жапонияның танымал саясаткері және қазіргі премьер-министрі, әскери және қауіпсіздік мәселелеріне ерекше қызығушылық танытатын тұлға ретінде танымал. Ол бірнеше жыл бойы елдің қорғаныс саласын дамытуда және ұлттық қауіпсіздікті күшейтуде белсенді рөл атқарып келеді. Исиба Жапонияда және халықаралық аренада "әскери іске құштар" саясаткер ретінде белгілі, себебі ол елдің қорғаныс әлеуетін арттыруға және аймақтық қауіпсіздік шараларын нығайтуға басымдық береді.