Жаңалықтар

Халықтан 1 млрд теңге алған қаржы пирамидасының жетекшілері сотталды

istockphoto.com

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған айыпталушыға қатысты істі қарады.

Бірнеше ЖШС-ның басшысы болған Х есімді азамат 2020 жылдың шілдесінен бастап 2023 жылдың қазанына дейін «құрылыс материалдарын жеткіземін» деп 11 компанияның 114 млн теңгеден астам қаражатын ұрлаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 2021-2022 жылдары К және Т есімді азаматтарды қаржылық пирамида құруға тартқан.

Өзінің кәсіпкерлік қызметіне сендіру үшін Х бірнеше ЖШС сатып алып, жалған тұлғаларды басшы етіп тағайындап, олардың атынан компанияның қызмету туралы ақпарат таратып, салған ақшаға сыйақы беремін деп уәде еткен.

Кейін ақша салған салымшылардың ақшасын алғашқы ақша салған тұлғаларға беріп отырған.

Х-қа тиесілі компаниялар 2021 жылдың шілдесінен 2023 жылдың мамырына дейін 90 астам адаммен «қарыз», «инвестиция» келісімшарттарын жасаған. Нәтижесінде азаматтардан 1 млрд теңгеден астам ақша алған.

Сотталушылардың кінәсі толықтай дәлелденген.

Сот үкімімен Х 7 жылға, Т 6 жылға, К 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ азаматтардан ақша тартуе инвестициямен байланысты қызметтермен айналысу құқығынан 6 жылға айырылды.