Айгүл Мүкей марқұм сазгер Арман Дүйсеновті еске алды
Айгүл Мүкей сазгер Арман Дүйсеновтің шығармашылығы туралы айтты.
Тележүргізуші Айгүл Мүкей марқұм сазгер Арман Дүйсенов туралы жазба қалдырды, деп хабарлады turkystan.kz.
Журналисттің сөзінше, бірнеше жылдар бұрын Арман Дүйсеновпен бірге көптеген бағдарламаларды дайындағанын еске алды. Сонымен қатар, Айгүл Мүкей күндіз мәтінін жазса, таңға дейін Арман Дүйсенов оның әуенін дайындаған екен.
«12 жыл бұрын біз Арман Дүйсеновпен бірлесіп көптеген әндер жазып едік. Біз түрлі бағдарламар әзірледік. Мен мәтінін жазам, а ол болса әуенін дайын әуенін таңда әкеліп тұратын. Қазір барлық әндері орындалып жүр. Мысалы мына жерде Қарағандыдағы группаласым Гүлмира шырқап тұр», - деп жазды Айгүл Мүкей әлеуметтік желідегі парақшасында.