Жаңалықтар

Тәуекел Мүсілімнің әйелі қуанышты жаңалығын жария етті

instagram

Өнер иесінің әйелі Махаббат өмірге келетін үшінші сәбиі ұл болатынын мәлім етті.

Танымал актер Тәуекел Мүсілім АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында отбасымен бірге «Gender party» рәсімін өткізді.

Өнер иесінің әйелі Махаббат өмірге келетін үшінші сәбиі ұл болатынын мәлім етті.   

«Аллаға сансыз шүкірлік болсын! Үш бар жерде күш бар. Біздің үшінші бөпеміз де батыр болады. Алақай!», – деп жазды блогер келіншек.

Отандық киножұлдыз да құттықтап жатқан жандарға алғыс білдіріп, қызды болғысы келгенін де жасырмады.

«Қыз болмағанша тоқтамаймыз! Әрине, қалжың ғой. Сәл үзілістен кейін тағы ұмтылып көреміз», – деп әзілдеді актер.