Бір орында ұзақ отыру ми жұмысын баяулатады – зерттеу
Ғалымдардың түсіндіруінше, бұлшықет қозғалыс кезінде молекула бөліп шығарады, олар жүйке жасушаларының тиімді қарым-қатынас жасауына және дамуына көмектеседі.
Физикалық жаттығу ми жұмысын жақсартады. Зерттеу National Academy of Sciences журналының Proceedings басылымында жарияланды.
Онда бұлшықеттер жүйке жасушаларының қарым-қатынасын және дамуын қолдайтын молекулаларды бөліп шығаратыны анықталды. Бұл процесс ішінара бұлшықеттерге қимылдауды бұйыратын жүйке сигналдары арқылы іске қосылады.
Ғалымдардың түсіндіруінше, бұлшықет қозғалыс кезінде молекула бөліп шығарады, олар жүйке жасушаларының тиімді қарым-қатынас жасауына және дамуына көмектеседі. Адам неғұрлым көп қимылдаса, бұл процесс соғұрлым белсенді болады. Ал, керісінше, бір орында көп отыратын өмір салты жүйке жасушаларының белсенділігін төмендетіп, мидың жұмысын баяулатады.