Кофе қан қысымы жоғары адамдардың деменцияға ұшырау қаупін азайтады – зерттеу
Зерттеу барысында Ұлыбритания биобанкіне жиналған жарты миллионнан астам адамның денсаулық мәліметтері қолданылған.
500 мыңнан астам адамның мәліметтері талданған зерттеуде кофе мидың қабынуын төмендетіп, есте сақтау қабілеті мен когнитивті функцияларды қорғауға көмектесетіні анықталды. Нинся медициналық университетінің зерттеушілері кофенің қан мен ми арасындағы тосқауылды нығайтып, деменция қаупін азайтатынын айтып өтті.
Scientific Reports журналында жарияланған зерттеуде ғалымдар қан қысымы жоғары адамдардың арасында үнемі кофе ішетіндер деменцияға азырақ шалдығатынын анықтады. Зерттеу барысында Ұлыбритания биобанкіне жиналған жарты миллионнан астам адамның денсаулық мәліметтері қолданылған.
Сондай-ақ, ғалымдар деменцияның дамуында рөл атқаратын басқа факторларды, мысалы, жүрек аурулары және гипертония секілді жағдайларды да қарастырды.