Жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаевтың әйелі үшінші сәбиіне қатысты жазба жариялады

instagram

Бұдан кейін Мархабат Бесбаева өмірге келген жынысын қыз екенін мәлімдеді.

Үшінші сәбиі өмірген келген әнші Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Мархабат Бесбаева құттықтаған көпшілікке алғыс білдірді.

«Ал, сүйінші менің құрметті оқырмандарым! Мен аман-есен босандым. Аллаға шүкір. Кім босанды деп ойлайсыздар?», – деп жазған еді Мархабат.

Көп ұзамай белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлы құпияны жариялап қойды.

«Қызымыздың бауы берік болсын! Әбухайыр енді аға болды», – деп жазды өнер иесі.

Бұдан кейін Мархабат Бесбаева өмірге келген сәбидің қыз екенін мәлімдеді.

«Бәрі ұл деп жүрген. Көптен күткен қызымыз дүниеге келді», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, өнер иесінің Кәусар есімді қызы мен Әбухайыр есімді ұлы бар еді.